Талапкер ауылына төнген қауіп сейілді
Қазіргі уақытта 6 ауладан су сору жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жағдай тұрақталды, - деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта жасанды канал нығайтылды.
Су басқан 26 тұрғын үйдің аумағының 20-нан су сорылды. Қазіргі уақытта 6 ауладан су сору жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысы, Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ әскери қызметшілері құрамынан 116 адам, 40 астам бірлік техника жұмылдырылды.
Сіздің реакцияңыз қандай?