Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр

Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Тамыз 5, 2024 - 12:24
Тамыз 5, 2024 - 12:25
Даниал Ахметов Парижде спортшыларға қолдау көрсетіп жүр
Фото: instagram.com / qazathletics

Біраздан бері ел назарынан тыс қалған Даниал Ахметов Парижде еліміздің жеңілатлеттерімен бірге көзге түсті, — деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Экс-әкімнің суреті Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, Федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті», — делінген жазбада.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow