«Мемлекетке опасыздық жасады» деп сотталған қытайтанушы бостандыққа шықты
Қытайтанушы Константин Сыроежкин 2019 жылы қытайға ақпарат берді деген айыппен 10 жылға сотталған болатын
Белгілі қазақстандық синолог Константин Сыроежкин бостандыққа шықты. Бұл туралы саясаттанушы, қоғам қайраткері Марат Шибұтов хабарлады.
«Константин Львович Сыроежкин 5 жыл жазасын өтеп, бостандыққа шықты»,- жазған ол өзінің Telegram-каналында.
Бұған дейін ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды сұрап, хат жазған еді.
Естеріңізде болса, қытайтанушы Константин Сыроежкин 2019 жылы «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен 10 жылға сотталған болатын.
Сыроежкин - қытайтанушы ғалым, көптеген кітаптың, сондай-ақ орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мыңнан аса мақаланың авторы. Зерттеуші ұзақ жылдар бойы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері жұмысын атқарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?