Тұрсынай Қабыл Азия пара ойындарында күміс медаль иеленді

Қазан 23, 2023 - 12:23
Тұрсынай Қабыл Азия пара ойындарында күміс медаль иеленді

Азия  паралимпиада ойындарында пауэрлифтинг спорт түрінен жарысқан жерлесіміз Тұрсынай Қабыл күміс медаль иеленді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Тұрсынай Қабыл пауэрлифтингтен 41 кг салмақта өнер көрсетіп, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Бірінші орынды қытайлық спортшы иеленді. Үздік үштікті сириялық атлет түйіндеді», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 22-28 қазан аралығында Ханчжоу қаласында (ҚХР) IV Азия Паралимпиада ойындары өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының атынан 131 спортшы қатысады, оның ішінде 93 ер адам және 38 әйел  спортшы 14 спорт түрінен бақтарын сынайды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow