«Барлық титулды иеленемін»: Жәнібек Әлімханұлы ірі сөйледі

Патша қайтып оралды және орта салмақтағы дивизионды басқарады!

Шілде 16, 2024 - 12:13
Шілде 16, 2024 - 12:14
«Барлық титулды иеленемін»: Жәнібек Әлімханұлы ірі сөйледі
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы салмақ қууға байланысты сәтсіздіктен кейін жаңа мәлімдеме жасады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Қолдауларыңызға рахмет! Қазір жағдайым жақсы. Бірнеше аптадан кейін қалпыма келіп, ораламын! Маңызды жаңалық: мен орта салмақта қаламын! Мұнда аяқталмаған шаруаларым бар! Адамес пен Лара, тойлауға асықпаңдар. Мен орта салмақта жұдырықтасып, барлық төрт титулды иеленемін, иншааллах! Менде салмақ мәселесі туындаған кезде барлық орта салмақтағы боксшылар жиналып, тойлағанын естідім. Мерекені бұзғаным үшін кешіріңдер! Патша қайтып оралды және орта салмақтағы дивизионды басқарады!», — деп жазды Әлімханұлы X желісіндегі парақшасында.

Естеріңізе сала кетейік, Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде ауруханаға түсіп қалды. Ол салмақ қуамын деп есінен танып қалған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow