«Түзететін уақыт келді»: Туризм және спорт министрлігі спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуде

Қазан 8, 2024 - 11:11
Қазан 8, 2024 - 11:13
«Түзететін уақыт келді»: Туризм және спорт министрлігі спорт саласындағы жемқорлыққа қарсы шараларды күшейтуде

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Саясат Идеятұлының мәлімдемесіне сәйкес, спорт саласындағы проблемаларға қатысты анализді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Антикор) Туризм және спорт министрлігімен бірлесе отырып әзірлеген. Бұл талдау министрліктің бастамасымен жүзеге асырылған, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

2024 жылдың 30 мамырында ресми түрде жарияланған бұл материал Париж Олимпиадасына дейін дайындалып, БАҚ-та таратылған еді. Жемқорлыққа қарсы агенттіктің осы хабарламаны қайта жариялауға назар аударғаны түсінікті, дегенмен көптеген БАҚ бұл ақпаратты бұрынғы жарияланымдардың қайталауы ретінде таратып жатқанын ескеру маңызды.

«Отандық спортта проблемалардың бар екенін жасырмаймыз. Бұл кеше немесе бүгін пайда болған нәрсе емес. Біз бірнеше мәрте осы мәселелерді ашық айтып, жазып келеміз. Енді оны түзететін уақыт келді. Сондықтан, Туризм және спорт министрлігі Антикормен бірлесіп, барлық мәселелерді ашып, оларды жою бойынша жүйелі жұмыстар атқарып жатыр», – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз хатшысы.

Министрліктің жұмыс жоспары бойынша, анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow