«Аяқтарыңа жығылып, құран ұстап жалынса да қарамаңдар»: Түсіпбаева қыз-келіншектерге кеңес берді
Қайда қарасаң да, жапа шеккен әйелдер.
Әнші Меруерт Түсіпбаева тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты пікір білдіріп, қыз-келіншектерге кеңес берді, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Меруерт Түсіпбаева отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге еш ойланбастан қашуға кеңес берді.
"Қайда қарасаң да, жапа шеккен әйелдер ғой. Құдай сақтасын, кейбір қазақтың еркектері не болып кеткен?! Болашақ стипендиясын алып, шетелде оқыған, көзі ашық, көкірегі ояу бауырымыздың ісі анау. Енді ештеңе көрмедім, ештеңе білмедім деп отыр.
Қыздар! Ұрмақ түгілі, балағаттап жіберсе де қашыңдар! Адам өзгермейді! Аяқтарыңа жығылып, құран ұстап жалынса да, 8-9 балаңыз етекке оралып жатса да қашу керек! Әйтпесе тым кеш болады", - деп жазды эстрада жұлдызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?