Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды
Әзімбек Пазылбекұлы Түркістан қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.
Жаңа әкімді облыс әкімі Дархан Сатыбалды таныстырды.
Әзімбек Пазылбекұлы 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, құрылыс, құқықтану мамандықтарын бітірген.
Бұған дейін, ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Сіздің реакцияңыз қандай?