Путин шілдеде Астанаға келеді

Маусым 6, 2024 - 10:46
Маусым 6, 2024 - 10:46
Путин шілдеде Астанаға келеді

Ресей президенті Владимир Путин Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

Мұны Ресей басшысы Санкт-Петербургте әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесуде айтты.

"Жақында біз Астанаға барамыз, онда ШЫҰ саммиті және басқа да шаралар болады, мені шақырды, шақыруды қабыл алдым", – деді Владимир Путин.

Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті 3-4 шілдеде өтеді.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерінің кең ауқымын қарастырады.

"Форумға бақылаушы елдердің басшылары мен диалог бойынша серіктестер қатысады деген болжам бар", – делінген Ақорданың хабарламасында.

stan.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow