Судья Айжан Құлбаеваны қорқытып, қысым көрсеткендер әлі анықталған жоқ – Қожаев
Оның айтуынша, істі Астана қаласының тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын жүргізген сулья Айжан Құлбаеваны қорқытып, қысым жасағандар әлі табылған жоқ. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, істі Астана қаласының тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.
«Ол кісінің (судья Айжан Құлбаеваның – Ред.) арызы бойынша біздің қалалық тергеу басқармасында екі іс бар. Екі іс тергеліп жатыр. Судьяны қорқыту және соттың шешіміне зиян келтіру мәселесі қаралып жатыр. Тергеу басталды, кінәлі адамдар анықталады», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, сот процессі барысында Жоғарғы соттың баспасөз қызметі судья Айжан құлбаеваға әлдекімдер қысып көрсетіп, қорқытқанын, сондықтан, оны құзырлы органдар қорғауға алғанын хабарлаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?