Қаржы мониторингі агенттігінде Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс тіркелмеген
Сатып алынған мүліктің жалпы сомасы — 67 млрд 655 млн 203 758 теңге.
Қаржы мониторингі агенттігінде Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс қаралып жатқан жоқ, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Stan.kz жазуынша, мәжіліс кулуарында агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов осылай деп мәлімдеді.
“Қайрат Сатыбалдыға қатысты біздің ведомствода тіркелген қылмыстық іс жоқ, – деді Елемесов.
Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде Астана соты бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін аса ірі көлемде ұрлауды ұйымдастырғаны үшін кәсіпкерді мүлкін тәркілеумен алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сатыбалды "Қазақтелеком" ұлттық байланыс операторына миллиардтаған доллар зиян келтіргені және Көлікке қызмет көрсету орталығынан ақша ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.
Астана қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалды ісіне қатысты негізгі сот отырысы кезінде ол кінәсін толық мойындады.
Айыптау қорытындысы бойынша тұңғыш президенттің жиені заңдастырып алған ақша есебінен жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алған:
- Қазақстанда – жалпы сомасы 34 млрд 853 млн 900 мың теңгеге;
Ресейде – 840 572 948 рубльге, ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша – 4 млрд 202 млн 864 740 теңге;
Біріккен Араб Әмірліктерінде – 162 млн 150 мың дирхамға, яғни 20 млрд 413 млн 63 мың теңгеге;
Францияда – 8 млн 300 мың еуро немесе 4 млрд150 млн теңгеге;
Түркияда – 65 млн 237 мың лира немесе 4 млрд 25 млн 375 451 теңгеге.
Сатып алынған мүліктің жалпы сомасы — 67 млрд 655 млн 203 758 теңге.
"Айыптаудың мәні түсінікті. Мен кінәні толық мойындаймын. Мен сомалармен келісемін, дауласпаймын", – деп мәлімдеді сотта Қайрат Сатыбалды.
Сіздің реакцияңыз қандай?