Су тасқыны: Құлсарыдан қашқан халық баспана таппай қиналып жатыр
Атырауда 50 теңгелік китайский қап 300 теңгеге шыққан. Құлсарыдан қашқан халыққа квартира бағасы бес есе өскен. Ресейдің Орск қаласы cу астында қалды.
Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласы cу астында қалды. Жайық өзеніндегі су деңгейі күрт көтеріліп, қаладағы бөгет жарылып, төтенше жағдай режимі енгізілген, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Төрт мыңға жуық үйді су алған. Онда 11 мыңдай адам тұрады екен. Мектептерде уақытша орталықтар ашылып, тұрғындар сонда көшіріліп жатыр. Қазір, апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Орск қаласы Қазақстан шекарасына жақын орналасқан.Қазіргі уақытта Ресейдің 36 өңірі зардап шекті. Әсіресе, Қазақстанмен шекаралас Алтай, Самара облыстарында жағдай күрделі болып отыр.
Қазақстандағы жағдай да өте қиын болып отыр. Бір ғана Құлсары қаласының өзінен 15 мыңнан астам көшірілген.Төтеншеліктердің сөзінше, олардың барлығы да Маңғыстау облысына жіберілген. Біразы уақытша орналастыру пункттеріне, тағы біразы туыстарының үйіне барып паналап жатыр.
Ал әлеуметтік желідегі жағдай мүлдем басқаша. Құлсарыдан келгендер баспана таппай қиналып жүргенін айтып жатыр.
Мәселен Серік Мұратхан есімді желі қолданушысы Маңғыстауда жалдамалы пәтер бағасы бес есе қымбаттап кеткенін айтады.
"Атырау облысының Құлсары қаласы тасқын суға кетті. Жайық тасып,
Оралда Шағанөзені кері ағу қаупі бар.
Орал қаласы суға кету қаупі бар.
Атырауда 50 теңгелік китайский қап 300 теңгеге шыққан.
Құлсарыдан қашқан халыққа квартира бағасы бес есе өскен.
Батыс ең Діншіл аймақ.
Ораза кезінде
Апат кезінде иманың қайда?
Неге олай жасайсың? деп жазған", ол өзінің facebook парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?