Назарбаев орденінің иегерлері пантеонда жату құқынан айырылды

Сонымен қатар мемлекеттік хатшылар, сонымен қатар Конституциялық кеңестің төрағалары тізімнен шығарылған.

Ақпан 20, 2024 - 16:52
Ақпан 20, 2024 - 16:52
Назарбаев орденінің иегерлері пантеонда жату құқынан айырылды
orda.kz

Ел үкіметі ұлттық пантеонға жерлеу туралы ережелерге өзгерістер енгізбек. Яғни бұдан былай еске алу монументтері, әкімшілік, шаруашылық және қосымша ғимараттар саны азайтылады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, элиталық мазарға қойылатын адамдар саны азайып, жасалатын рәсімдер де қарапайым болмақ. Соған сәйкес, Пантеон аумағында жерлеуге құқығы бар адамдар тізімінде айтарлықтай өзгерістер болатын секілді.

Бұрынғы ережелерде бұл қорымда Қазақстан президенттері мен олардың отбасы мүшелері жерленуі мүмкін екені айтылған. Жаңа түзетулерде мемлекет басшыларының отбасы мүшелері жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік хатшылар, сонымен қатар Конституциялық кеңестің төрағалары тізімнен шығарылған.

Сонымен қатар, «Алтын Қыран», «Отан», «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Назарбаев» және «Еңбек Даңқы» ордендерімен үш дәрежелі наградталған азаматтар қорымда орын алуға құқылы болған. Енді тұңғыш президент ордені иегерлерін тізімнен шығару ұсынылып отыр.

«Қазіргі уақытта пантеон аумағында мемориалдық ғимарат пен еске алу мұражайының ғимараты жоқ. Бұл нысандардың құрылысы жоспарланбаған. Өйткені олар бойынша ЖСҚ әзірлеу көзделмеген. Тиісінше, алдағы жылдарға мемлекеттік бюджетте және одан әрі осы іс-шараларға арналған жоспарларда қаражат бөлінбейді», – деп түсіндірді мәдениет және ақпарат вици-министрі Ербол Әліқұлов.

Ұлттық пантеон – құжат бойынша қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер, ғылым және өзге де салаларда еңбек сіңірген тұлғалар жерленетін орын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow