«Сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса...»: Дана Нұржігіт айлар бойы депрессияда жүргенін айтты

Қазан 8, 2024 - 11:52
«Сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса...»: Дана Нұржігіт айлар бойы депрессияда жүргенін айтты

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында бұрынғы күйеуінің қитұрқы әрекеттері туралы ашық айтқан. Сұхбаттың толық нұсқасы әлі шықпаған. Оның анонсын журналистің өзі жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy 

«Мен жарты жыл депрессияда жүрдім. Психотерапевтермен жұмыс істедім», - дейді Дана Нұржігіт сұхбаттың үзіндісінде.

Журналист ажырасқан соң да бұрынғы күйеуінің қудалауынан құтыла алмаған. Адамды аңдып, үнемі оны күзету сталкинг деген атаққа ие. Бұл еліміздегі заңда жазылмаған бап.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», - деп жазды Динара Сәтжан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow