«Бекболат пен Мұхамеджан айтысты салафизмнің насихатына айналдырды» - Дәулеткерей Кәпұлы

Жүрсін Ерманды сахнаға шақырып, иығына шапан жауып, «болды, осымен тоқта» деген әңгіме шығарғандарын да халық біледі.

Шілде 9, 2024 - 10:19
Шілде 9, 2024 - 10:20
«Бекболат пен Мұхамеджан айтысты салафизмнің насихатына айналдырды» - Дәулеткерей Кәпұлы

Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектің тұсында қазақ айтысы салафизмнің насихатына айналды. Бұл туралы айтыскер, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы Youtube арналардың біріне берген сұхбатында айтты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Дәулеткерей Кәпұлы бұл сұқбатында қазақ тілі, діни ахуал, айтыс төңірегіндегі дау-дамай, көкпар спортының қаупі, қаламгерлерге жасалған жағдай туралы әңгіме өрбіткен. Сонымен қатар Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабектің Жүрсін Ерман бастаған айтыскер ақындар арасына жік түсіріп, біраз ақыды бөліп алған.  Осыдан кейін айтыс таза салафизмді насихаттаған.

«Айтыс уахаббизм мен сәләфизмді насихаттау құралы болды. Бекболат пен Тілеухан біраз ақындарды бөліп алды. Қазір Жүрсін Ерманның айтысына қатыспайтын ақындар шықты. Өйткені, «Алтын домбыраны» өткізгеннен кейін Жүрсін Ерманды сахнаға шақырып, иығына шапан жауып, «болды, осымен тоқта» деген әңгіме шығарғандарын да халық біледі. Мұның бәрі беті ашылған дүние. Уахаббизм мен сәләфизмді насихаттау үшін айтыс үлкен құрал болатын», - деді Дәулеткерей Кәпұлы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow