Алматылық азамат лифтіге балаларды тығып, тепкілеген (ВИДЕО)

Шілде 24, 2024 - 16:30
Шілде 24, 2024 - 16:31
Алматылық азамат лифтіге балаларды тығып, тепкілеген (ВИДЕО)

Алматыда ер азамат лифтіге балаларды тығып, тепкілеген. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына жазылып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол алдымен лифтіден шығып, жақын жерде ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізеді. Содан кейін лифтіге кіріп, ішінде тұрған екі баланы ұрып-соғады, тебеді.

Алматы қаласы ПД бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Балаларды соққыға жыққан адамның кім екені анықталды, ол полиция учаскесіне жеткізілді. Заң бойынша оның әрекетіне баға беріледі. Өзге де фактілер анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow