Алматылық тұрғын итті машинаға байлап алып сүйреген
Алматы облысында ер адам итті машинаға байлап алып сүйреген. Ал машинаны тоқтатқан кезде иттің тұруға, жүруге әл-дәрмені болмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Жандосов ауылы, 28 тамыз. Итті машинаға байлап алған, ит тұншыққан, ауыр демалып жатыр, жүргізушіні тоқтауға мәжбүр еттік»,-деп жазылған видео пікірінде.
Желі оқырмандары итті қорлаған ер адамды жазалауды сұрап жатыр.
Алматы облысының полициясы бұл іске қатысты жауап берді.
«Қарасай ауданының полициясы күдіктіні анықтап, ұстады. Оған қатысты жануарларға қатыгездік таныту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?