«Тарихтан хабары жоқ»: Төреғали Төреәлінің қарындасы Георгий лентасын тағып, сынға қалды
9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтаған блогер Дина Төреәлі оқырмандарынан оңбай сөз естіді.
Блогер әскери форма киіп, видеоға түсіп, Жеңіс күнімен құттықтады. Ол атасының соғыс ардагері екенін айтты.
“Жеңіс күні құтты болсын! Елдің, жердің амандығы үшін соғыста қан төккен әр ата-бабамызға бас идім! Менің туған атам – Алихан Ұлы Отан Соғысының ардагері. Аяғынан жарақат алып оралған екен… Ойланып отырсаң, айтуға оңай. Ал соғысты көзбен көріп, сол жақта жан тапсырған қандай қорқынышты. Қазіргі бейбіт, тыныш өмірімізді бағалайық. Аллаға мың шүкір!”, – деп жазды желі жұлдызы.
Желі қолданушылары блогердің бетінен Георгий лентасын байқап, тарихтан хабары жоқ деп сынады.
“Негізі Георгий лентасының мағынасын біліп алған дұрыс еді”, “Кезінде осыны орыстар тақтырды. Қазір өзіміздің көк лентамыз шықты”, “Тарихты білмегесін қате жасайды”, “Елді қырғанның лентасынан аулақ болшы”, “Бетіне салған суреттің мағынасын білмейді”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Блогер оқырмандарын сабырға шақырып, “Болмайтын әңгіме айтпаңдаршы. Образбен түсірілген видео еді. Таңғалып отырмын”, – деп пікір білдірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?