«Өзі жыныңды келтірген шығар»: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша Астана қалалық полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталды.

Мамыр 27, 2024 - 11:12
Мамыр 27, 2024 - 11:12
«Өзі жыныңды келтірген шығар»: Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды
Фото: Жоғарғы сот

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстаған және алғаш боп жауап алған екі полицей жазаланды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы факт бойынша Астана қалалық полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталды.

 «Құқық қорғау қызметі туралы» заңның 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды. ӘҚБтК-нің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (Қоғамдық орындарды ластау) Астана полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қараша 2023 жылы Салтанат Нүкенова өлтірілген түні Бишімбаевты ұстаған сәтте полиция қызметкерлерінің бірі «Өзі жыныңды келтірген шығар» деген пікірді айтқан. Полицейдің бұл сөздері қоғамда қатаң талқылап, полицейдің жазалануын алға тартқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow