Шымкентте «полицейлер» ақша бопсалаумен айналысқан

Сәуір 26, 2024 - 10:22
Сәуір 26, 2024 - 10:23
Шымкентте «полицейлер» ақша бопсалаумен айналысқан
polisia.kz

Шымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері қала тұрғындарынан қорқыту арқылы үлкен көлемдегі қаржы алып келген үш адамның қолына кісен салды.

Олар полиция қызметкерлерінің атын жамылып отырған. Осылайша тұрақты түрде ақша бопсалаумен айналысып, «қорғауға» аламыз деп, ай сайын төлем талап еткен. Күдіктілердің бірінен полиция қызметкерінің жалған қызметтік куәлігі тәркіленді. Ал екінші күдікті алаяқтық үшін бұрын сотталған болып шықты.

Күдіктілердің барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау, тонау және билік өкілі атағын өз бетінше иемденіп алу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір олардың осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қаскөйлер 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow