«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus сатып алған»: ҚМДБ мәлімдеме жасады

VIP нөмірінің өзі 5000 доллар тұрады дейді.

Сәуір 26, 2024 - 10:39
Сәуір 26, 2024 - 11:00
«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus сатып алған»: ҚМДБ мәлімдеме жасады
фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде Оразбек Садықов есімді азамат тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын айтты. 

«Міне, көріңіздер, мешітке берген пітір садақа, басқа садақалар, қай жаққа кетіп жатыр.. Жетімдерге емес, мүгедектерге емес, қиналып жатқан жанұяларға емес, су тасқыннан зардап шеккендерге емес. Молдалар семіргеннен соңғы үлгіде шыққан Lexus көлігін алып жатыр. VIP нөмірінің өзі 5000 доллар тұрады дейді. Бұлар да шенеуніктердің бір түрі ғой»,—деп жазды ол. 

ҚМДБ NewTimes.kz агенттігіне видеодағы дін қызметкерінің «әл-Әділ» мешітінің имамы екенін растады. Алайда аталған қымбат көліктің дін қызметкерінікі еместігін мәлімдеді.

«Рамазан айында көптеген қазақстандық мешіттерде қайырымдылық шараларын өткізеді. Бейнежазбада көрсетілген көлік келушілердің біріне тиесілі», — деді басқарма.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow