Алматыда жедел жәрдем дәрігері ессіз жатқан науқастың алқасын шешіп алған
Фельдшер құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгерген.
Алматыда жедел-жәрдем фельдшері науқастан құны 1,5 млн тұратын алқасын ұрлап алған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Журналистің жазуынша, науқас ауыр халде жедел жәрдем шақырған.
«Бұл оқиға Алматыда болды. Өзі ессіз құлап, жедел жәрдем көмегіне жүгінген науқастың алтын алқасын фельдшер шешіп алған. Мұны кейін байқаған баласы полицияға арыз жазып, бейнекамераны көрсетуді талап етіп, ақыры ұры анықталады. Жедел жәрдем ішінде құны 1,5 миллион теңге тұратын алқаны сыпырып жатқанын көріп тұрсыздар. Айтпақшы, фельдшер алтын шынжырды ломбардқа өткізіп үлгеріпті.
Науқас аман-есен аяқтан тұрды, ал қарабет фельдшер жұмыстан босатылған. Жай ғана босатпай емдеу мекемелеріне, науқасқа ешқашан жақындамайтындай қара мөр басу керек еді», - , -дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.
Бүгінде оқиғаға қатысты іс қозғалған.
«Түрксіб аудандық полиция Басқармасы бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары кешені жүргізілуде, одан кейін өндірістік материалдар сотқа жолданатын болады», – делінген полиция хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?