Елімізге Ресейдің қорғаныс министрі Шойгу келді
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді.
Ол бүгін, 26 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатыспақ.
Іс-шара барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ШЫҰ форматындағы қорғаныс ведомстволарының одан әрі ынтымақтастығын талқылау жоспарлануда.
Айта кетейік, ұйымға Қазақстан, Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан елдері кіреді.
Сіздің реакцияңыз қандай?