Шымкенттік азамат әріптесін мойнынан пышақтап өлтірген
Шымкент соты іс бойынша үкім шығарды.
Э. есімді азамат «Адам өлтіру» бабы бойынша сотталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сотталушы Шымкент қаласының Нұршуақ ықшам ауданындағы құрылыс алаңында бірге жұмыс істейтін Н. есімді азаматпен ішімдік ішкен. Екеуара жанжал шығып, жәбірленуші Н. сотталушыны жағынан жұдырықпен ұрып жіберген. Ашуланған Э. пышақ алып, жәбірленушінің мойнына бірнеше рет сұққан. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған», - делінген Шымкент қалалық сотының баспасөз хабарламасында.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыны кешірген жоқ.
Сот Э-ні кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?