Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті

Қыркүйек 23, 2024 - 14:43
Қыркүйек 23, 2024 - 14:43
Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті
Фото: облыстық ПД баспасөз қызметі

Алматыда жас жігіт көпқабатты үйден секіріп кетті. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады. Желідегі мәлімет бойынша, 18 жастағы жігіт Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп, суицид жасаған.

Осы дерек бойынша Әуезов аудандық ПБ қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.

Айта кеткен жөн, бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары балаларды суицидке итермелейтін ойындардың әсері болуы мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow