Шетелдік басылым: Қазақ спорты Парижде күйрейді

Алайда, уақыт көрсеткендей, қос басылымның да болжамы келмеді.

Шілде 30, 2024 - 12:27
Шілде 30, 2024 - 12:27
Шетелдік басылым: Қазақ спорты Парижде күйрейді
Фото: olympic.kz

Париж Олимпиадасының алдында «Sports Illustrated» журналы Қазақстан спортшылары сәтсіздікке ұшырайды деген болжамын жазған болатын. Яғни, төртжылдықтың басты ойындары қазақстандық команда үшін «алтынсыз» аяқталады деген еді, деп жазады 1bol.kz сайтына сілтеме жасаған sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Артынша, «Inside the games» басылымы да осы ойды жетілдіріп, Орта Азия елдерінің спорты Париж Олимпиадасы қарсаңында тоқырайды деген мақала жазды.

Журналда жарияланған мақалада Қазақстан командасы бас-аяғы алты медаль алатынын, оның біреуі ғана күміс, қалған бесеуі қола болатынын мәлімдеген еді. Ал, insidethegames.biz сайтында жарияланған талдау материалында Токиодағы сәтсіздік Парижде қайталанады делінген.

Алайда, уақыт көрсеткендей, қос басылымның да болжамы келмеді. Олимпиаданың алғашқы екі күнінде Қазақстан командасы 1 алтын және 2 қола медаль еншілеп үлгерді. Атап айтқанда, дзюдошы Елдос Сметов 60 келіде чемпион болса, оның әріптесі Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге қол жеткізген. Сонымен қатар, пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы да үшінші орынға тұрақтады.

Алдағы уақытта еркін күрес пен грек-рим күресінің балуандары, сонымен қатар боксшылар Қазақстан қоржынына тағы бірнеше жүлде салады деп күтілуде. Оның қаншауы алтын, күміс және қола болатынын уақыт көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow