«Әлсіз қарсылас жоқ»: Назым Қызайбай алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді

Дұғада болыңыздар.

Шілде 30, 2024 - 12:47
Шілде 30, 2024 - 12:48
«Әлсіз қарсылас жоқ»: Назым Қызайбай алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Париж Олимпиадасында алғашқы жекпе-жегін сәтті бастаған боксшы Назым Қызайбай дайындығын көрсетіп, келесі қарсыласы кім екенін жариялады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Бірінші жекпе-жек өтті. Енді одан кейінгісіне дайындалу керек. Олимпте әлсіз қарсылас жоқ. Келесі қарсыласым – бразилиялық боксшы. Шайқас бірінші тамызда өтеді. Дұғада болыңыздар», — деп жазды Назым Қызайбай.

Боксшының видеосына пікір қалдырғандар оның Олимпиада чемпионы атануын тілеген.

«Дұғадамыз батыр қыз», «Жеңісті қолдан берме», «Бұйырса, жеңіс күтеміз», «Алтын алуыңа тілектеспіз», деп пікір қалдырғандардың қарасы көп.

Еске салсақ, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентинодан (Италия) басым түскен еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow