Ильин де, мен де допинг іштім, Алексей Ниді ұстап алып соттау керек – Алмас Өтешов

Үкімет бізді де пайдаланды, - дейді ол.

Тамыз 2, 2024 - 09:58
Тамыз 2, 2024 - 09:59
Ильин де, мен де допинг іштім, Алексей Ниді ұстап алып соттау керек – Алмас Өтешов
Алмас Өтешов. © ironworld.ru

Кезінде аты дүркіреп тұрған отандық зілтеміршілердің бірі Алмас Өтешов бүгінде Алматыда күзетші қызметін атқарып жүр. Әрине, ауыр атлеттердің соңғы кездері осындай халге түсуіне допинг дауы әсер еткені жасырын емес. Ол спортшылардың допинг ішетіні рас екенін, оған спорт саласындағы басшылардың өздері мүдделі екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына сілтеме жасап.

«Пропионат, тестостерон, станозолол сияқты гармоналды препараттардың бәрін іштік. Оны ішпесең көтере алмайсың. Таза ағзам 200 келіден артық көтеруге шамасы жетпейді. Допингтің көмегімен 230 келіге дейін болады», - дейді Алмас Өтешов.

Оның айтуынша, қазір түрмеде отырған экс-министр Талғат Ермегияов Халық ауыр атлетика федерациясымен тығыз жұмыс істеген. Ұзақ уақыт осы ұйымды басқарған мажарстандық Тамаш Аянмен өте жақсы қарым-қатынаста болыпты. Егер Ермегияев түрмеге түспегенде Қазақстан ауыр атлетикасы мұндай аянышты халге түспес еді. Ол сонымен қатар досы Илья Ильин де өзі де халықты алдаған жоқпыз деп отыр.

«Дәрі-дәрмектің бәрін өзіміз жайдан-жай ішпейміз. Бізде медициналық штаб, бас бапкер, аға бапкер бар, солар береді», - дейді спортшы.

Ол осы ретте Илья Ильин қаншама марапат пен атаққа бөленіп, алған қаржысы мен пәтерін неге қайтармайды деген сұраққа жауап берді.

«Менің де үш бөлмелі пәтерім бар. Мен неге қайтаруым керек? Біле білсек, Үкімет бізді де пайдаланды. Халықаралық аренада ту көтердік. Ішкізетінін ішкізді, салатынын салды. Дәрі-дәрмектің бәрін Қытай немесе Ресей әкеліп берген жоқ. Өзіміздің Үкімет ұсынды. Бәрін бүлдіріп жүргеннің бірі – экс-бапкер Алексей Ни. Ұстап алып, соттау керек. Бәріне кінәлі сол .Қазір Қазақстан да жоқ. Бізге 2006 жылы 30 млн долларым бар деп мақтанатын», - дейді Алмас Өтешов.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow