«Серікжан Біләштің ФБР агенті екені рас па?

CID (Criminal Investigative Division - агенттері түрлі қылмысқа қарсы күресетін FBІ-дің ең үлкен бөлімшесі.

Ақпан 13, 2024 - 14:56
Ақпан 13, 2024 - 15:01
«Серікжан Біләштің ФБР агенті екені рас па?
azattyq.org

Серікжан Бияш FBІ-дің агенті ме? 
Оның жалақысы қанша?

АҚШ-та қаңғып жүрген Серікжан Бияштың «жарты млн Қытайдан келген қазақтың да, әлемдегі 20 млн қазақтың да өкілі менмін» деген сөзі ютубта бар. Кейде одан АҚШ үкіметі Америкаға қашып барған қазақтарға мінездеме беруін сұрайды-мыс. 
«Әй, кейбірің маған 1 млн доллар берсең де, маған ұнамасаң, жақсы анықтамадан үміт етпеңдер» деген сыңайда Капитолийдің күмбезін өзі тіреп тұрғандай кергиді. Мейлі ғой... Десек те, Серікжанның осы бір аспақтаған мәлімдемесінің себебіне үңілейікші. Ол үшін бұған дейін жазылған «Сила операциясының» қалтарысында қалып кеткен оқиға желісін қайта ақтарамын.
Серікжан мен «Атажұртты» 5-6 жыл үзбей қаржыландырған кәсіпкер Ерлан Бекмырзаның Бияштың тапсырмасымен Нью-Йоркте тұратын Қалбынұр есімді келіншекке кәмелетке толмаған қызын – Сила Мұқтаржанқызын жеткізіп бергенін жазғанмын. Ерлан мен Сила Мексикадан Калифорния штатына өте сала АҚШ миграция қызметі оларды ұстайды: Ерланды жалпыға ортақ орталыққа жабады, Силаны мигрант балаларға апарып қосады. АҚШ-та балалар құқығы жоғары деңгейде: мигранттар орталығында оларға жақсы тамақ береді, спортпен шұғылданады, ойнайды, ағылшын тілін үйретеді, қысқасы барлық жағдайы жасалды.

Ерланда Силаны алып жүруге шешесі берген сенімхат болған. Бірақ, АҚШ миграция қызметі Ерлан Силаның тікелей туысы болмағандықтан оларды бөліп тастайды. Миграция қызметкерлері Силаға АҚШ бюджеті есебінен ұшаққа билет алып, қасына тағы бір қызметкерін қосып беріп, Нью-Йорктегі шешесінің қолына апарып табыстайды. Ал Калифорнияда Ерланның қолында Силаның кішігірім шабаданы қалып кеткен-ді.

Миграция орталығынан шыққан соң Ерлан Бекмырза Силаның шабаданын алып Нью-Йорктегі Қалбынұрдың үйіне барады. Қызымен қауышып көзайым боп қуанып отырған Қалбынұр Ерланды үйдің артқы есігінен кіргізіп қарсы алады. Енді тізе бүгіп отыра бергенде алдыңғы есіктен Серікжан Бияш кіріп келеді. Бәрі үстел басына отырып сүтпісірім уақыт шай ішеді. Серікжан тыпыршып отыра алмайды, ол Ерланды сыртқа алып шығып, «қонақүйге жол сілтеп, саған серіктесіп барайын» деп бірге ілесіп жүреді. Екеуі жер астындағы метро бекетіне түскен соң, Серікжан Ерланның жеңінен тартып тоқтатып, «сен ешкімге тіс жарма, бір құпия айтайын, мен FBІ-дің (Federal Bureau of Investigation, орысша - ФБР, қазақша - ФТБ) CID бөлімшесіне жұмысқа тұрдым, 10 мың доллар айлық алам» дейді. CID (Criminal Investigative Division - FBІ-дің ең үлкен бөлімшесі, агенттері түрлі қылмысқа қарсы күреседі.

Дегенмен, құпиясын ашқан Серікжан FBІ-дің төсбелгісін көрсетпейді. «Төсбелгісі қалтасының түбінде жатқан шығар, бірақ Серікжанның киімінің сыртынан тапаншаның томпиғанын байқамадым» деді Ерлан Бекмырза. «Серікжан неге саған ғана құпиясын ашты?» деген сұраққа ол «Нью-Йоркте тұратын үйіне ертіп бармау үшін, тұрғылықты жерін көрсетпеу үшін қашыртып айта салған сөзі-ау» деп жауап берді.

Ал мен Серікжанның «FBІ-дің агентімін» деген сөзін қияли әңгіме» деп түсіндім. «Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» демекші, қиялдан да қиял туады ғой. Серікжанның «Америкаға қоныс аударып барған қазақ менің ықтиярымды алуы тиіс, маған ұнамасаң, 1 млн доллар берсең де АҚШ-қа жолатпаймын» деген сыңайда бұтқа толып аспақтап сөйлеуі «шіркін, мені FBІ қызметке алса екен» деген қиялдан туған қияли әңгіменің жалғасы сияқты...

Анығын FBІ біледі.

Журналист Ораз Әлімбековтің Facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow