Қызылордада мектепте болған төбелестен бір оқушы көз жұмды
Облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі қайтыс болған баланың Белкөл ауылындағы мектептің 9-сынып оқушысы екенін растады.
Оқушының ажал құшуына мектептегі төбелес себеп болған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі қайтыс болған баланың Белкөл ауылындағы мектептің 9-сынып оқушысы екенін растады.
"Қолда бар ақпарат бойынша, оқиға мектептен тыс жерде болған. Жасөспірім үйіне барар жолда қаза болған. Ол құлап, басын соққан. Ол төбелес салдарынан қайтыс болды ма, жоқ па, әзірге айта алмаймыз. Тергеу жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
Қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, осы оқиғадан кейін марқұм жасөспірім оқыған мектеп директоры мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінен босатылған.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының мәліметінше, оқиға 12 ақпан күнгі сағат 15:00 шамасында болған.
«Аталған жарияланым бойынша Қызылорда қаласы Полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге де ақпараттар тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?