«Анасын табуды нәсіп ет»: Нұрлан имам америкалықтар асырап алған қазақ қызына бата берді (ВИДЕО)

Я, Раббым Алла, осы қарындасымыз өзінің дүниеге келтірген анасын тауып, соның құшағын, соның мейірімін көруді нәсіп ет.

Ақпан 13, 2024 - 12:06
Ақпан 13, 2024 - 12:09
«Анасын табуды нәсіп ет»: Нұрлан имам америкалықтар асырап алған қазақ қызына бата берді (ВИДЕО)

Нұрлан имам АҚШ-тағы сапарында Чикаго қаласындағы қазақтармен кездесті. Кездесу барысында имам америкалықтар асырап алған Әсел емісді қазақ қызына бата берді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Нұрлан имамның айтуынша, Әсел де біраздан бері туған анасын іздеп жүрген көрінеді. Әсел 1999 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Сол жерде құжат рәсімделіп, Америка асқан. 

"Я, Раббым Алла, Әнел қарындасымыздың жүрегіне тыныштық бер! Әкеге, анаға, туысқа деген махаббаты жүрегіне өзің салғансың. Әнелге туыстарын табуды нәсіп ет. Я, Раббым Алла, осы қарындасымыз өзінің дүниеге келтірген анасын тауып, соның құшағын, соның мейірімін көруді нәсіп ет. Осы қызымның келешегі бақытты болсын",- деп дұға жасаған Әселмен кездесу барысында.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow