«Сегіз жылда ашқаны авто орындық өндірісі ғана ма?»: Санжар Боқаев Қазавтопромның өтірігін ашты
Сөйлеп қалған Hyundai Trans Kazakhstan компаниясын жекпе-жекке шақырамын. Жағамнан алып көріңіз!
Желіде Қазавтопром Боқаевқа соққы берді (Жесткий ответ Бокаеву) деген видео тараған еді.
Видеода Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы директорының «Қазақстанның даму драйвері бізбіз, Қазмұнайгаздан да көп салық төлейміз. Жылына 140 млрд теңге салық аударып келеміз. Утилалым жойылсын деп жүргендер осыны неге көрмейді?!» деп айғайлап жатқаны бейнеленген. Сондай-ақ ол Қазавтопромның үлкен нәтижеге қол жеткізіп отырғанын, мәселен авто орындық жасап отырғанын айтып мақтанғанын байқауға болады.
Бүгін осыған байланысты Санжар Боқаев қарымта жауап беріпті.
Өз жауабында Боқаев Hyundai Trans Kazakhstan компаниясы директорының біраз сөзін жоққа шығарған.
Сіздің реакцияңыз қандай?