Ер адам жүргізуші әйелді ұрып, есінен тандырған: Алматыдағы жан түршігерлік жол апатының анық-қанығы анықталды
Алматы қалалық полиция Департаменті бүгін, 2023 жылғы 22 желтоқсанда кешке Алматыда болған сұмдық жол апатының анық-қанығын жария етті, деп хабарлайды sadaqmedia.
"Бүгін 18 сағат 15 минутта 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - «ДуманТрансКом» ЖШС) жолаушысы жанжал салдарынан жүргізуші әйелді ұрып, ол есін жоғалтқандықтан көлікті басқара алмай қалған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды. Олар ауруханада",-деп хабарлады sadaqmedia редакциясына Алматы қалалық полиция департаменті.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалған.
Сіздің реакцияңыз қандай?