«Екінші әйел алу туралы да ойладым»: Өмірқұл Айниязов өміріндегі қиын кезең туралы айтты
Жарыма да қиын тиді. Бірақ құдай біздің көз жасымызды көріп, 1 ұл, 1 қыз берді.
Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов тұңғышынан кейін 21 жылдай балалы бола алмай жүрген кезін еске алып, басынан өткен қиын кезең туралы айтты, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Өмірқұл Айниязов өміріндегі ауыр сынақ туралы «Саумал» подкастында айтты.
Әншінің сөзінше, келіншегі екеуі үшін бұл аса қиын кезең болған. Өнер иесі қиналған кезде тіпті екінші әйел алу туралы ойлағанын айтты. Алайда 21 жылдан кейін ерлі-зайыпты бір ұл мен бір қызды дүниеге әкелді.
«Тұңғышым Нұртуғаннан кейін, 20 жылдай тағы да сәби күттік. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдер еді. Қатты қиналып кеттік. Азаннан кешке дейін жылап, жатып қалдым деп айта алмаймын. Бірақ таныстарым балалы болғанда есіме түсетін. Кейде екінші әйел алу туралы да ойладым. Жарыма да қиын тиді. Бірақ құдай біздің көз жасымызды көріп, 1 ұл, 1 қыз берді. Соған да ризамын. Біздің сабыр сақтауымыз бәрін жеңіп шықты», – деді әнші.
Сіздің реакцияңыз қандай?