Астаналық азамат досының телефонын ұрлап кеткен
Астанада ер адам досының үйіне қонаққа барып, телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды sadaqmedia.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында ер адамның досына қонаққа барғаны белгілі болған. Бірлескен бас қосудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқанда, қаскүнем шыға беріс дәлізде Samsung телефонының зарядталып жатқанын байқады. Осы сәтті пайдаланып, күдікті азамат гаджетті алып кеткен.
Қонақ кеткен соң әйел телефонының жоғалғанын біліп, полицияға хабарласқан.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?