Құны 66 миллион доллар: Тимур Құлыбаевтың әкесіне тиесілі мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан құны 66 миллион доллар (29,5 миллиард теңге) болатын мұнай терминалының мемлекет меншігіне қайтарылғаны белгілі болды. ауданы Тимур Құлыбаевтың әкесі Асқар Құлыбаевқа тиесілі болып келген терминалдың жалпы аумағы - 134 гектар болған.
Мұнай терминалы 2011 жылы Құлыбаевтың меншігіне өткен екен.
26 ақпанда Маңғыстау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.
Сіздің реакцияңыз қандай?