Ақтауды егеуқұйрық басып кетті

Маусым 4, 2024 - 11:14
Маусым 4, 2024 - 11:15
Ақтауды егеуқұйрық басып кетті

Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады. Әсіресе қоқыс жәшіктерінің айналасында жүретін кеміргіштер адамнан да қорықпайтын болған, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Тұрғындар тышқандардың тым көбейіп кеткенін айтып шағымдануда. Тіпті видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салып жатыр. Егеуқұйрықтардың қоқыс жәшіктерінің айналасын індеп алғанын шенеуніктер де жоққа шығармайды. Сондықтан бүгіннен бастап қалада жаппай улау жұмысы басталған. Мамандар теңіз жағалауынан бастап, барлық шағын аудандарды бір айда дезинфекциялап шықпақшы. 

«Самал» қонақ үйінен 15 шағынаудандағы «Каспий ривьера» қонақ үйіне дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар арнайы препараттарын салу арқылы жүргізіліп жатыр және дератизация 16,17,18,19,20 шағынауданда жүргізіледі», - Ақтау ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow