Ел парламенті қыздарды 9 жастан бастап тұрмысқа беруді қарастырып жатыр
Иракта қыздардың некеге тұру жасын он бестен 9 жасқа төмендету ұсынылды, - деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бастама шиит партиялары арасында қолдау тауып жатыр.
Өзгерісті жақтаушылардың айтуынша бұл барлық мұсылмандар үшін міндетті деп саналатын шариғат нормаларына сай. Алайда сыншылар мұндай өзгерістер адам құқықтарының, әсіресе әйелдер мен балалар құқығының бұзылуына әкелуі мүмкін екенін ескертті. Олар неке жасының төмендеуі қыздарды білім алу және толыққанды даму мүмкіндігінен айыратынын айтты.
Халықаралық ұйымдар, БҰҰ мен Ирактың құқық қорғаушылары бұл түзетулерге алаңдаушылық білдіріп отыр. Олар Ирак үкіметін заң жобасын қайта қарауға және балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын сақтауға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?