Израиль шабуылынан Газадағы мектепте ондаған адам қаза тапты

Олардың ішінде әйелдер мен балалар бар.

Маусым 7, 2024 - 10:04
Маусым 7, 2024 - 10:18
Израиль шабуылынан Газадағы мектепте ондаған адам қаза тапты

Өткен түні Израиль әскері Газа секторындағы мектепке шабуыл жасады. BBC-дің мәліметінше, Газа секторы орталығындағы ке жасалған шабуылдан 40 адам қаза тапқан. Олардың ішінде әйелдер мен балалар бар, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Нусейрат босқындар лагерінде орналасқан мектеп БҰҰ-ға қарасты болған. Израиль тарапы бұл шабуылдың ХАМАС пен «Ислам жиһады» топтарынан құралған  20-30 содыр мектепті әскери мақсатта пайдаланып отыр деген барлау мәліметіне сүйеніп жасағанын айтып отыр. 
 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow