ІІМ артық салмағы бар қазақстандықтарды жұмысқа шақырды

Ең бірінші, қызметкерлерден интеллектуалдық қабілеттер талап етіледі.

Наурыз 5, 2024 - 09:59
Наурыз 5, 2024 - 10:00
ІІМ артық салмағы бар қазақстандықтарды жұмысқа шақырды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев артық салмағы бар полиция қызметкерлеріне қандай талап қойылатынын айтты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

ІІМ-де өткен брифингте ресми өкілге «Аттестация барысында артық салмағы бар полиция қызметкерлері бұрынғыдай жұмыс істей бере ме?» деген сауал жолданды. Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, жоғары дене дайындығы туралы талап полицейлердің барлық лауазымдарына бірдей қойыла бермейді.

«Бұл талап бірінші кезекте патрульдік полиция мен арнайы жасақ қызметкерлеріне қатысты. Бұл тұрғыда мәселені бақылауда ұстаймыз. Қызметкерлер аптасына кемінде екі рет дене шынықтырумен айналысуға міндетті. Сондай-ақ жыл соңында қызметкерлердің физикалық дайындығы тексеріледі. Қызметкерлеріміз жыл сайын медициналық тексеруден өтеді. Оларға диета мен емделу бойынша ұсыныс-кеңестер беріледі. Біз артық салмағы бар қызметкерлермен осылай жұмыс жүргіземіз», — деді министрлік өкілі.

Ресми өкіл бұл мәселе үнемі бақылауына екенін жеткізді. Сондай-ақ артық салмағы бар қазақстандықтарды полиция саласына жұмыс істеуге шақырды.

«Ең бірінші, қызметкерлерден интеллектуалдық қабілеттер талап етіледі. Өйткені бізде көптеген бағыт бар. Мысалы, ол жақсы IT маманы немесе тергеуші болуы мүмкін. Сол себепті интеллектуалды қабілет маңызды. Олар осы профильді бағыттарда жұмыс істей алады. Керісінше, біз азаматтарды жұмысқа шақырамыз. Олар осы профильді бағыттарда еңбек ете алады», — деп толықтырды Шыңғыс Алекешев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow