«Қалаулым» мемлекеттік арнада емес қой» - Әшімбаев

Бұл сұрақты министрлікке қойған дұрыс.

Наурыз 14, 2024 - 13:58
Наурыз 14, 2024 - 13:59
«Қалаулым» мемлекеттік арнада емес қой» - Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Қалаулым» (қазіргі «Бір болайық») бағдарламасының неге әлі күнге дейін жабылмағанын айтты, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Ол бұл бағдарламаның мемлекеттік арнада көрсетілмейтінін алға тартты.

«Қалаулым» («Бір болайық») бағдарламасы мемлекеттік арнада емес қой. Арнаның бір өзіндік саясаты бар шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігі де осы мәселеге байланысты ұстанымдарын білдіретін болар. Сондықтан бұл сұрақты сол министрлікке қойған дұрыс, - деп жауап берді Сенат төрағасы.

Бұған дейін «Хабар» арнасындағы «Бірақ...» бағдарламасы төңіріндегі дауға қатысты жазған едік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow