«Қандай махаббат болса да, жасы үлкен қызға үйлену жақсы емес» - Нұрлан имам

Үлкен қыздардың жүрегін ауыртпаңыздар! 10-15 жылдан кейін жас айырмашылығы көріне бастайды.

Наурыз 14, 2024 - 15:12
Наурыз 14, 2024 - 15:13
«Қандай махаббат болса да, жасы үлкен қызға үйлену жақсы емес» - Нұрлан имам

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы тікелей эфирде оқырман сұрағына жауап берді, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Stan.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, желі қолданушыларының бірі тікелей эфир кезенде имамнан өзінен 8 жас үлкен қызға үйленгісі келетінін айтып, кеңес сұраған.

“Апаларға үйлену сәнге айналды. “Пенсионер” қыздарға үйленбеңдер! Үлкен қызға үйлену жақсы тенденция емес. Адам сияқты пенсиясын алып, қартайсын. Олардың мазасын алмаңдар! Қандай махаббат болса да, дүниені қырып бара жатса да, бұл дұрыс емес. Бәрібір ол саған әйел, сен оған күйеу бола алмайсың. “Тең теңімен, тезек қабымен” деген сөз бар. Сондықтан үлкен қыздардың жүрегін ауыртпаңыздар! 10-15 жылдан кейін жас айырмашылығы көріне бастайды. Өзіңнен кішкентай қызға үйленгенің дұрыс”, – деп кеңес берді имам.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі имамның сөзін қолдаса, екіншісі “қыздарды мазақ қылу” деп сөккен. 

“Дүмше молда дін бұзар деген осы екен ғой”, “Пенсионер” деп мазақ еткені дұрыс болмады”, “Имам осылай деп тұрса, басқадан не күтесің?”, “Кәрі қыздардың намысына тимеңіз” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QARA NEWS???????? (@qara.news)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow