Прокуратура құны 800 мың теңге тұратын былғары плащқа тапсырыс берген

Шілде 11, 2024 - 16:15
Шілде 11, 2024 - 16:19
Прокуратура құны 800 мың теңге тұратын былғары плащқа тапсырыс берген

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы 800 мың теңге тұратын былғары пальто тігуге тапсырыс берген. Байқау мемлекеттік сатып алулар сайтындажарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қосымша сипаттамада былғары пальто мемлекеттік әділет кеңесшісіне арнап тігілетіні көрсетілген. Сырт киім қара түсті, түкті астары бар, таза былғарыдан жасалуы тиіс. Жағасы нағыз қаракөл жүнінен жасалуы керек. Сондай-ақ плащтың жылытқышы, погоны, түймелері мен шевроны болуы шарт. 

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі 6 маусымда баға ұсыныстарын сұрау арқылы расымен осындай байқау жарияланғанын мәлімдеді. Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік қажеттіліктерге байланысты плащқа тапсырыс берілген.

«2024 жылғы 13 маусымда «Камода» ЖШС-нің бір баға ұсынысын ұсынуына байланысты мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылды. Сол күні мемлекеттік сатып алу порталы автоматты түрде «Камода» ЖШС жеткізушісіне электрондық шақыру жасады. 2024 жылғы 18 маусымдағы мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша, «Камода» ЖШС шақырылған жеткізушімен «Электрондық сатып алу арқылы бір көзден алу» тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу туралы шешім қабылданды», – деп жауап берді облыстық прокуратура.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow