«Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты»: Бапкер қазақ-өзбек боксы туралы айтты

Себебі боксты бүкіл ауылға апарды олар.

Шілде 11, 2024 - 15:37
Шілде 11, 2024 - 15:38
«Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты»: Бапкер қазақ-өзбек боксы туралы айтты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Париж Олимпиадасына қатысатын ұлттық құрама туралы айтып, қазақ-өзбек боксы туралы да сөз қозғады. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазір боксқа лицензия алу да қиындап кетті. Өйткені аталған спорт түрі бар әлемде дамып жатыр. Біздің команданың сапында Азия, әлем чемпиондары бар. Құрам жаман емес. Сондықтан тек сәттілікке байланысты бәрі. "Бақ шаба ма, бап шаба" ма дегендей… Жігіттердің ішінде осы жақсы, осы осал деп ешкімді айтпаймын.

Иә, қазір өзбектермен жиі салыстырады бізді. Бұрын біз жақсы болсақ, қазір олар алға шықты. Себебі боксты бүкіл ауылға апарды олар. Енді жігіттер әлемдік турнирлерден жолдама алды ғой. Бұл да оңай емес", - деді Буданбеков. 

Дамир Буданбеков 2004-2009 жылдары ұлттық құраманың бас бапкері болып қызмет атқарды. Ол қазақстандық боксшыларды Бейжің Олимпиадасына бастап апарған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow