Үндістанда 130 ауылды су басты
Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында 130 ауылды су басты.
Мұны осы аймақтың бас министрі Йоги Адитиянат хабарлады.
Ал елдің метеорологиялық департаментінің ескертуінше, алдағы екі-үш күнде Үндістанның теріскейі мен солтүстік-шығысында жауын тағы да құйып, жағдай тіпті нашарлауы мүмкін.
Қазірдің өзінде Ассам штатындағы 9 өзеннің деңгейі қауіпті дәрежеге дейін көтерілген.
Осыған ұқсас жағдай шығыстағы Бихар штатында да қалыптасып отыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?