Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бірлесіп қолдана беретін болды

Қазақстан Үкіметінің қаулысына 26 қазанда қол қойылды.

Қазан 31, 2024 - 15:31
Қазан 31, 2024 - 16:00
Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бірлесіп қолдана беретін болды
kaztag.kz

Қазақстан Ресеймен +7 телефон кодын бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасын бекітті. 

Жобаға сәйкес Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон желісінің (+7) 7-аймағының нөмірін бірлесіп пайдалануды жалғастырады."Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағының нөмірін бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - деп жазылған қаулыда.

Сонымен қатар, Ресей мына кодтарды қолдана алады: 200-299, 300-399, 400-499, 500-599, 810-818, 820-821, 831, 833-836, 840-848, 850-851, 855-857, 860-863, 865-867, 869, 871-873, 877-880, 900-999. Мысалы, Ресейде +7 (950), +7 (904) деген нөмір қолданылады.

Қазақстанға мына кодтар бекітілген: 000 – 099, 600 – 699, 700 – 799. Мысалы, +7 (775), +7 (701).

Екі мемлекет те мына кодтарды пайдалана алады: 100-199, 800-809 және 881-899.

Қазақстан Үкіметінің қаулысына 26 қазанда қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow