Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен үй иесіне 370 мың теңге берілетін болды

Қазір 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басып, 10 мың 345 адам эвакуацияланған.

Сәуір 16, 2024 - 15:16
Сәуір 16, 2024 - 15:17
Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен үй иесіне 370 мың теңге берілетін болды
фото: akorda.kz

Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтұлова су тасқынынан зардап шеккен үй иесіне бір реттік 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, шамамен 370 мың теңге қаржылай көмек берілетінін айтты.

Сондай-ақ ол 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржылай көмек туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«Бізде су тасқынынан немесе қарғын судан зардап шеккен үй иелеріне 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша беріледі деген әңгіме болған жоқ. Адамдарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсетіледі. Мүмкін басқа қала, аудандардың тұрғындарына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай қолдау болатын шығар», – деді Әсем Айтұлова. 

Бүгінде Петропавлдың өзінде бірнеше аудан орталығы мен баспаналарға су кірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow