Павел Дуров Францияда ұсталды
Бұл жайында француздың LCI телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Телеарнаның мәліметінше, оның жанында құрбысы және оққағары болған.
Павел Дуров Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында ұсталған. Францияға кәсіпкер жеке бизнес-джетімен Әзербайжаннан ұшып келген дейді телеарнадан.
Бұған дейін ол Францияда іздеу жарияланған адамдар тізімінде болған.
"Құқық қорғау органдары Telegram-да модерацияның жоқтығы және жергілікті қызметтермен ынтымақтасуға құлықсыздық Дуровты есірткі саудасына, балаларға қарсы қылмыстарға және алаяқтық схемаларға сыбайлас етеді деп санайды", - деп хабарлайды жергілікті TF1 телеарнасы.
Vc.ru мәліметінше, осы жаңалықтан кейін миллиардерге тиесілі Toncoin криптовалютасының құны 10% бетер төмендеп кеткен.
Кейбір БАҚ тағылған айыптар бойынша ол 20 жылға дейін сотталуы мүмкін деген болжам айтып отыр.
Павел Дуров – бірнеше жылдан бері Франция азаматы. Дегенмен соңғы жылдары негізінен Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып келді.
Сіздің реакцияңыз қандай?