«Гардероб қылу үшін алдық»: Алтынай Жорабаеваға күйеуі төрт бөлмелі пәтер сыйлаған
Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның күнделікті және сахналық киімдерін сақтау үшін күйеуі арнайы төрт бөлмелі пәтер сатып әперген. Бұл туралы өнер иесі «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
«Көршінің пәтерін сатып алғанбыз ғой. Енді ол пәтерде асхана да, ештеңе болмайды. Көбіне менің киімдерім, гардероб болады деп отырмыз. Төрт бөлмелі, 180 шаршы метрді құрайды. Біздің жеке жатын бөлмеміз де сонда болады», - деді Алтынай Жорабаева. Әнші оқырмандарына жаңа пәтерінің ішін көрсетіп, видео салды. Ішінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. «Біткен соң перделерін іліп, сіздерге толық көрсетемін», - деді Алтынай Жорабаева.
Сіздің реакцияңыз қандай?