Елімізде орануға тыйым салынбайды – Мәжіліс депутаты

Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген

Маусым 21, 2024 - 14:20
Маусым 21, 2024 - 14:33
Елімізде орануға тыйым салынбайды – Мәжіліс депутаты
Фото: freepik.com

«Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген. Орануға тыйым салатын заң жобасы Мәжілісте қаралып жатқан жоқ». Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осылай деді, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Мәжіліс кулуарында журналистер сауалына жауап берген ол қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынбайтынын айтты.

«Жалпы Қазақстанда әрбір діни-наным сенімге толығымен еркіндік берілген. Ермұрат Сейтқазыұлының ол жеке пікірі ғой. Хиджаб, никабқа қатысты мәселе бізді қарастырылып жатқан жоқ. Одан да басқа маңызды мәселе бар ғой», - деді Елнұр Бейсенбаев.

Еске салайық, бұған дейін депутат Ермұрат Бәпи Парламент күзде дінге және басқа ағымдарға қатысты мәселені қолға алатын заң жобасын енгізуді жоспарлап отыр деген еді. Сондай-ақ, қоғамдық орындарда пәрәнжі киюге тыйым салынады деген пікірін білдірген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow